Нұржер жеке бағдарламасы
Астана және қала маңындағы пәтерлер

ӨЗІНДІК БАҒАМЕН
Нұржер тұрғын үй бағдарламасы
Астана және қала маңындағы пәтерлер
ӨЗІНДІК БАҒАМЕН
Жылжымайтын мүлік нарығында екі үлкен мәселе:
1. Тұрғын үй қымбат тұрады
2. Алданып қалу тәуекелі бар

Нұржер бағдарламасы екі мәселені де шешеді.
Нұржер бағдарламасы қалай жұмыс істейді?
Нұржер 8 пәтерге арналған екіқабатты типтік үйлерді салады
Сатып алушылар өзіндік құнымен тұрғын үйлерді алады

1-қадам. Нұржер игеру үшін жер телімдерін дайындайды
Әкімдіктен сәулет-жоспарлау тапсырмасын, техникалық шарттарды аламыз, эскизді жобаны келісімдейміз
Жерді алу тәсілдері: жеке адамдардан өтеуін төлеп алу, әкімдіктен өтеуін төлеп алу

2-қадам. Сатып алушыларды кооперативке біріктіреміз
Үйде 8 пәтер бар, демек кооперативте 8 қатысушы болады

3-қадам. Кооператив эскизді жобасы бар жер телімін сатып алады
Жердің құны 4 000 000 теңге болсын делік
Демек, әрбір сатып алушы 500 000 теңгеден енгізеді
Кооператив жердің меншіктенушісі болып қалады

4-қадам. Кооператив жұмыс жобасына тапсырыс береді
Жобаның құны 1 600 000 теңге болсын делік
Демек, әрбір сатып алушы 200 000 теңгеден енгізеді

5-қадам. Бас мердігерді таңдау
Нұржер тексерілген құрылысшылар тізімін ұсынады
Кооператив өз бетінше ұнаған компанияны таңдайды

6-қадам. Бас мердігер өз есебінен іргетасты қалайды
Кооператив орындалған көлемді тексереді, және, егер бәрі дұрыс болса, төлеп береді
Осылайша құрылыстың соңына дейін
Құрылысшы алдымен жұмыс істейді, содан кейін төлемін алады
Осылайша, кооперативтің мүшелері өз ақшасымен тәуекелге бармайды

7-қадам. Үйді тапсыру және пәтерлерді безендіру
Тапсырыс беруші, бас мердігер, техникалық қадағалау, авторлық қадағалау қатысады
Қабылдап алғаннан кейін сатып алушылар пәтерлерін өз атына жазып алады
Кооператив кондоминиумға өзгереді
Жаңа пәтерге көшу!
МАҢЫЗДЫ! Жер ең басынан сатып алушылардың меншігінде болады
Тұрғын үйдің құны
Пәтерлердің шамамен алғандағы құны - 120 000 теңге/м2

1 бөлмелі 40 м2 - 4 800 000 теңге
2 бөлмелі 60 м2 - 7 200 000 теңге
4 бөлмелі 100 м2 - 12 000 000 теңге

Бағасына жердің құны әсер етеді
Астанада 10 сотық жер 30 млн. теңге, ал қаланың айналасында - 3 млн. теңге тұрады
Сондықтан Астанада пәтер, қала айналасындағы пәтерге қарағанда, қымбаттау
МАҢЫЗДЫ! Құрылыс біткенге дейін толық төлемді енгізу қажет
Құрылыс 3-4 айға созылады
НҰРипотека
Көптеген адамдар құрылыс біткенге дейін бүкіл соманы төлей алмайды
Бұл жағдайда Нұржер көмекке келеді

Мысал
Пәтер 5 000 000 теңге тұрады
Сатып алушыда 4 000 000 теңге бар
Нұржер жетпей жатқан 1 000 000 теңгені береді

Құрылыс аяқталды, сатып алушы дайын пәтердің кепілдігіне кредит алады және Нұржерге 1 000 000 + 200 000 теңгені қайтарады

Қандай болса да себептерден Сіз Нұржермен есеп айырыса алмадыңыз делік
Бұл жағдайда біз дайын пәтерді басқа адамға сатамыз
Ал Сізге қандай болса да айыппұлдарсыз Сіздің ақшаңызды қайтарып береміз

НҰРипотека кезінде тұрғын үйдің құны бастапқы жарнаға байланысты
Жарна неғұрлым көп болса, тұрғын үй соғұрлым арзан болады
50% - 135 000 Т/м2
60% - 132 000 Т/м2
70% - 129 000 Т/м2
80% - 126 000 Т/м2
90% - 123 000 Т/м2
Бұл шамаланған есеп
МАҢЫЗДЫ! Нұржерге қарағанда, төмен бағалардың болмайтынына КЕПІЛДІК БЕРЕМІЗ
Жобаның сипаттамасы
Тұрғын үйдің құнына не кіреді?
Іргесынан бастап шатырына дейін үй
Қасбеті мен кіреберісін әрлеу, терезелер және кіріп-шығатын есіктер

Пәтерлер жақсартылған бірінші әрлеуде
Әдемі әрлеуді жасамаймыз, өйткені әрбір адамның жөндеуге деген өз талғамы бар

Коммуникациялар: жарық, су, жылыту, канализация
Егер орталық желілер бар болса, орталық желілерге қосыламыз
Егер жоқ болса – автономдық шешімдер жасаймыз

Эскизді жоба
Жобаның тәуекелдері
Нұржер жылжымайтын мүлік құрылысына ақша салуды ұсынады
Бұл классикалық бизнес, және мұнда тәуекелдер барлық қатысушылар үшін бірдей
1-тәуекел. Сатып алушы ақшасын уақытылы енгізе алмады
Келесідей жағдай туындауы мүмкін
Кооператив жинақталған
Барлық жарнашылар ақшаларын кезең-кезеңімен енгізеді

Алайда сатып алушылардың әлдебіреуі қажетті соманы енгізген жоқ
Құрылысты жалғастырудың тоқтап қалу қаупі төнді

Біз бұл мәселені қалай шешетін боламыз?

1-нұсқа. Біз сатып алушыға НУРипотеканы ұсынамыз

2-нұсқа. Біз сатып алушыға жобадан шығуды ұсынамыз және ол енгізген ақшаны қандай болса да айыппұлдарсыз қайтарып береміз

Бұл ретте біз кооперативке басқа төлем төлеуге қабілетті сатып алушыны енгіземіз

Басқа сөзбен айтқанда, егер жарнашылардың әлдебіреуі қалғандарын отырғызып кететін болса, мәселенің шешіміне жауапкершілікті Нұржер көтереді
МАҢЫЗДЫ! Бағдарламаның ережелері бойынша, кімде кім төлей алмайтын болса, сол адам кооперативтен айыппұлдарсыз шығарылады. Ақшасы қайтарылады!
2-тәуекел. Сатып алушылардың ақшасы қымқырылатын болады
1-нұсқа. Ақшаны кооперативтің төрағасы немесе бухгалтері қымқырады
Мұндай нұсқа мүмкін емес, өйткені кооперативтің кассасы әрқашан жым-жылас
Жарнашылар ақшаны тек нақты тауарды немесе қызметті төлеу керек болғанда ғана енгізеді

2-нұсқа. Ақшаны құрылыс компаниясы қымқырады
Мұндай нұсқа мүмкін емес, өйткені құрылыс-монтаждау жұмысы үшін ақша тек оларды орындағаннан кейін ғана төленеді
Яғни, құрылысшы алдымен жұмыс істейді, содан кейін ақшаны алады
3-тәуекел. Құрылыс мерзімдерінің бұзылуы
Құрылыс мерзімдері неліктен бұзылуы мүмкін?
1) құрылыс материалдарын уақытылы жеткізбеу
2) құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүзеге асырудағы проблемалар
3) кооперативтің тарапынан уақытылы төлемеу

Бұл тәуекелдер кез келген құрылыс жобасында мүмкін болады
Алғашқы екі жағдайда жауапкершілікті бас мердігер және құрылыс материалдар жеткізушілері көтереді
Шарттарда мұндай жағдайлар үшін айыппұлдар жазылып қойылады

Үшыншы жағдайда мәселені Нұржер шешеді (1-тәуекел)
4-тәуекел. Сапасыз құрылыс
Сапасыз құырылыстың екі себебі бар:
1) нашар құрылыс материалдары
2) нашар құрылысшылар

Бұл мәселелерден құтылу үшін, Нұржер ашық конкурс өткізеді
Ең жақсы жеткізушілер мен мердігерлерді сатып алушылардың өздері таңдайды

Егер құрылыс материалдары сапасыз болса, жеткізуші айыппұл төлейді
Егер жұмыстар сапасыз болса, құрылысшылар ақауды түзетпейінше төлемді алмайды
5-тәуекел. Құрылыс материалдарының қымбаттауы
Бетон өндіруші бағаны көтерді делік
Себебі – цемент қымбаттады
Нұржер осы деректің құжаттамалық растауын сұратады
Егер ол расталса, онда келесідей әрекеттерді жасаймыз:
1) төмендеу бағаға сапасы бойынша жол бермейтін ұқсасын іздейміз
2) әрекеттегі жеткізушіге, цементтің құны қаншаға көтерілетін болса, дәл сонша төлейміз

Жәй сөзбен айтқанда, Нұржер негізделмеген қымбаттауға жол бермейді

Құрылыс материалдардың құны, әдетте, маусымға байланысты
Құрылысшылар бағалардың ауытқуларымен әрқашан кездесіп отырады
Және егер тауардың өзіндік құны шынымен де көбейсе, онда төлеуге тура келеді
Бұл нарықтық экономика үшін қалыпты жағдай
Алайда үлкен көлемдер кезінде жеткізушілер жақсы шегерімдер береді
Нұржер нақты осыған бағдарланады
6-тәуекел. Қосарлы сатулар, алданған үлескерлер
Бұл Қазақстандағы құрылыс бизнесінің бас тәуекелі
Нұржер бағдарламасында ол толық жойылған

Біздің кооперативтерде үйдегі пәтерлер қанша болса, адамдар да дәл сонша болады

Кооператив жердің және құрылыс жобасының қожайыны болып табылады
Кооперативті болашақ тұрғындардың өздері басқарады
Тек кооперативтің мүшелері ғана пәтерлердің меншіктенушілері бола алады
Мұндай жағдайларда қосарлы сатулар мүмкін емес
7-тәуекел. Мемлекеттің араласуы
Біріншіден, әңгіме үй құрылысы туралы айтылып отыр
Бұл сала ҚР заңдарымен реттеледі
Нұржер осы заңдардың шеңберінде жұмыс істейді

Екіншіден, заң бойынша, мемлекеттік органдар кооперативтің іс-қызметіне араласуға құқылы емес
Нұржерден пәтерді қалай сатып алуға болады?
1-қадам. Нұржермен шартқа қол қою және кезектен орын алу

2-қадам. Болашақ көршілермен бірге кооперативке кіру

3-қадам. Тұрғын үйді сатып алуды төлеу

Бәрі мемлекеттік бағдарламада сияқты. Ерекшелігі тек барлығын Сіз шешетініңізде
Нұржер қанша табыс табады?
Нұржердің сыйақысы – пәтердің құнынан 5%
Қызметтерін төлеу үш кезеңге бөлінеді

1-кезең. Нұржермен шартқа қол қою - 10 000 теңге

2-кезең. Кооперативке кіру - 20 000 теңге

3-кезең. Пәтер үшін ақырғы төлем – қалдықты төлеу

Яғни, біз тек үй дайын болғанда ғана табыс табамыз

Сіздің жайлылығыңыз үшін
БАСТАПҚЫ КЕҢЕС БЕРУ
Whatsapp арқылы

+7 (701) 044 44 41
Бізге жазыңыз!
Біз Сізге ақпараттық материалдардың барлығын жібереміз
Сіздің жайлылығыңыз үшін
БАСТАПҚЫ КЕҢЕС БЕРУ
Whatsapp арқылы

+7 (701) 044 44 41
Бізге жазыңыз!
Біз Сізге ақпараттық материалдардың барлығын жібереміз
Нұржер философиясы
Бағдарлама әзірлеушінің қысқа видеолары
Made on
Tilda