Нұржер ұсынған ұжымдық инвестициялар
Қазақстандықтарға бай болуға көмектесеміз

версия на русском

Мәселе
Көптеген адамдардың тұрғын үйді сатып алуға ақшасы жеткіліксіз.
Сарапшылардың есебі бойынша, орташа статистикалық қазақстандық азамат қажетті нәрселерден бас тарта отырып, пәтерге он жылдан артық ақша жинауға тиіс.
Ешкім көп күткісі келмейді.
Шешім!
Нұржер көпқабатты үй салумен айналысады.
Құрылыс салуға дайын тұрған жер телімдеріміз бар.
Осы көлемді игеру үшін инвесторларды жұмылдырып, түскен пайданы олармен бөлісеміз.
Бұл қалай жұмыс істейді?
Келесі жағдайды елестетіп көріңізші
Сіз достарыңызбен бірге ақша жинап, коттедж салып, оны қымбат бағамен сатуды қалайсыз.
Қарапайым және айқын сызбанұсқа
Онда ғажайып ештеме жоқ.
Бәлкім, кейбір таныстарыңыз осындай іспен айналысып, көп ақша тауып жатқан шығар
Осындай мәміле негізінде 20–30 % көлеміндегі ақшаны оңай табуға болады
Барлық үдерістерді дұрыс ұйымдастырған жағдайда, жылына 3-4 коттеджді өткізуге болады.
Сонда Сіздің табатын жылдық ақшаңыз 50 %-дан асады.
Нұржер бағдарламасының көмегімен Сіз тәжірибесіз және қарым-қатынассыз осындай табысқа қол жеткізе алатын боласыз.

Біз қалай жұмыс істейміз?
Айталық, коттедж 15 миллион теңге тұрады.
Біз, миллион теңгеден беретін 15 адамды жинаймыз. Содан соң, олардың ақшасына үй саламыз.

Нұржер жер телімін сатып алудан және үйді салудан бастап құжаттарды ресімдеуге және дайын тұрғын үйді сатуға дейінгі барлық ұйымдастырушылық мәселелерді өзіне жүктейді.

Бұл арада, Сіз бізге өз ақшаңызды бермейсіз – олар әрдайым өз қолыңызда қала береді!
Неліктен Нұржер компаниясымен бірге инвестиция салған жөн?
1
Астанада қолжетімді баспанаға деген сұраныс үлкен
100 000-нан астам адам жер телімін алу үшін кезекте тұр. Тұрғынүйқұрылысжинақбанкінің шамамен 150 000 салымшысы. Он мыңдаған адам жыл сайын Елордаға көшіп келеді. Нұрлыжер мемлекеттік бағдарламасы және 7–20–25 ипотекасы – сатылымды арттыру үшін жұмыс істеп тұрған механизмдер.
2
Астанада баспана өте қымбат
«Крыша» сайтының деректері бойынша бір шаршы метрдің орташа бағасы 327 000 теңге.
Нұржер компаниясында бір шаршы метрдің орташа бағасы 160 000 теңге.
Біз ең қолжетімді бағамен өтімді тауарды ұсынамыз.
3
Құрылыс классикалық бизнес болып табылады
Ауқатты адамдардың барлығы жылжымайтын мүлікке инвестиция салады.
Нұржер компаниясы үлкен ақшамен тәуекелге бел бумай дәл сондай жылжымайтын мүлікті сатып алуға мүмкіндік береді.
Нұржер компаниясы не істейді және қанша ақша табады?
1
Жерлер
Нұржер компаниясы құрылысқа үлкен жер алқаптарын ұсынады. Дара үйлерді салғаннан гөрі, кішкентай қалашықтарды салған қолайлы
2
Жеткізушілер және мердігерлер
Нұржер компаниясы үйлердің жоғары сапасы мен төмен өзіндік құнын қамтамасыз ететін тәжірибелі құрылысшылар мен жеткізушілерді және құрылыс материалдарын ұсынады
3
Сүйемелдеу
Нұржер компаниясы әкімшілік тұрғыдан толығымен сүйемелдейтін тәжірибелі бухгалтерлер мен заңгерлерді ұсынады
4
Инвесторларды жинау
Нұржер компаниясы құрылысты үздіксіз қамсыздандыруды қамтамасыз ету үшін инвесторларды жинайды
5
Сату және сыйақы беру
Нұржер компаниясының сыйақысы 5 %. Бұл сома, сату кезінде үйдің құнына қосылады. Яғни, Сіз ақша тапсаңыз ғана, біз де ақша табамыз. Бұл біздің тарапымыздан адал ниетті тәсілдеменің ең жақсы кепілдігі
Бәрі де заң тұрғысынан қалай ресімделеді?
Ресурстарды
біріктіру
Көп адамның ресурстарын біріктіру үшін заңды тұлғаны құрып, үлестерді барлық қатысушылардың арасында бөлу керек
Ұйымдық-құқықтық нысан
Ұжымдық инвестициялардың мінсіз нұсқасы акционерлік қоғам болып табылады. Алайда, АҚ үшін жарғылық капитал бойынша жоғары капитал қойылады. Жалпы алғанда, ол қатаң реттеледі. Сондықтан, акционерлік қоғамның орнына тұтынушылар кооперативін қолданамыз
Тұтынушылар кооперативі (ТК)
Кооператив дегеніміз – мүліктік жарналарды біріктіру арқылы материалдық және өзге мұқтаждықтарды қанағаттандыру мақсатында азаматтардың ерікті түрде бірігуі. ТК жарғылық мақсаттарға қол жеткізуге қызмет ететін болса, кәсіпкерлікпен айналыса алады.

Мұндай кооперативтермен шатастырмаңыз

Нұржер компаниясының кооперативтері қалай құрылып, жұмыс істейді?
Бірінші қадам
Бірінші қадам
Нұржер компаниясы өзінің жинақ ақшасын ұлғайтуды немесе тұрғын үйге ақша жинауды қалайтын адамдарды жинайды
Екінші қадам
Екінші қадам
Қатысушылардың қажетті саны жиналғаннан кейін кооператив құрыла бастайды. Адамдар төраға мен тексеріс комиссиясын өздері таңдайды. Заңгерлер қажетті құрылтайшылық құжаттардың барлығын дайындайды. Кооператив құрылған кезде барлық қатысушылар 10 000 теңге көлеміндегі мүшелік жарна енгізеді. Бұл ақша заңгердің, бухгалтердің қызметіне ақы төлеуге жұмсалады
Үшінші қадам
Үшінші қадам
Әділет органдарында тіркелгеннен кейін, кооператив банкте шот ашады. Кооператив мүшелері өздерінің үлеспұл жарналарын біртіндеп енгізеді. Мысалы, кооператив 3 млн. теңге тұратын жер телімін сатып алуы керек. Демек, 15 үлеспұл төлеуші 200 мыңнан ақша береді. Кооперативтің кассасында ақша қашан да болмайды. Қатысушылар ақшаны қажет болған кезде ғана енгізеді. Мұндай тәсілдеме Сіздің жинақ ақшаңызды ешкім жымқыра алмайтындығына кепілдік береді
Төртінші қадам
Төртінші қадам
Үй салынып жатқанша, Нұржер компаниясы кооператив мүшелерімен бірге баға саясатын айқындап, сатып алушыларды іздеумен айналысады. Инвестициялардың табыстылығының мақсаттық көрсеткіші 20 %-ды құрайды және одан да көп болуы мүмкін. Жылжымайтын мүлік нарығы үшін бұл әдеттегі сандар болып есептеледі
Бесінші қадам
Бесінші қадам
Құрылыс аяқталғаннан кейін, сатып алушы кооператив мүшелерінің табысын ескере отырып, үйдің толық құнына ақы төлейді. Қатысушылар кооперативті таратып, ақшаны бөлісе алады, немесе бірлесіп инвестиция салуды жалғастыра алады. Түскен пайда салымдарға мөлшерлес түрде бөлінеді

Қолданыстағы кооперативтің құрылтай құжаттары

Нұржер компаниясы қандай үйлерге инвестиция салады?
Біз 8-12 пәтерге арналған 2-3 қабатты үйлерді ғана саламыз.
Таза өңдеу + газ, жарық, су, канализация.
Құрылыс мерзімі – 3-4 ай.
Сіздің жайлылығыңыз үшін
БАСТАПҚЫ КЕҢЕС БЕРУ
тек қана Whatsapp арқылы
+7 (701) 044 44 41
Бізге жазыңыз!
Біз Сізге ақпараттық материалдардың барлығын жібереміз
Made on
Tilda