Нұржер тұрғын үй бағдарламасы

Өзіндік бағамен сапалы тұрғын үй сатып алу үшін қажетті кеңестер

версия на русском
1
Нұржер бағдарламасының мәні неде?
Тұрғын үй сатып алудың стандартты үлгісі осындай. Адам құрылыс компаниясына келіп, құрылыс салушы ұсынған нұсқалардың бірін таңдайды. Сатып алушы ештеңеге ықпал ете алмайды - бар болғаны ақшасын төлеп, құрылыстың аяқталғанын күтеді. Мұндай тәсілдеме ескірді. Мұны, жүздеген алданған үлескер, миллиардтаған ұрланған ақша, жосықсыз құрылыс салушылар, сапасыз құрылыс растайды.

Нұржер компаниясы ойын ережелерін өзгертуде. Біздің тұрғын үй бағдарламамызда тұрғын үй сатып алушылары маңызды орынды иеленеді. Олар жерді, жобаны, материалдарды және орындаушыларды өздері таңдап, қаржыны бақылайды.

Нұржер бағдарламасы осындай жұмысқа жағдай жасайды: жер телімдерін, жеткізушілер мен мердігерлерді, сәулетшілер мен заңгерлерді ұсынады. Біз қазақстандықтарға ең қолайлы шарттар - арзан баға, жоғары сапа, сөзсіз сенімділік және толық айқындық негізінде жылжымайтын мүлік алуға көмектесеміз.

Біздің клиенттерімізге коттедждер, таунхаустар, пәтерлер және жер телімдері қолжетімді. Біз кепілсіз ипотеканы ресімдеуге немесе тұрғын үйді сатып алуға қажетті қаражатты қазіргіден үш есе тез жинақтауға көмектесеміз. Сатып алушылар өз ақшасынан айырылу тәуекелінен толығымен сақтандырылған, себебі біз алғы төлемдерді қабылдамаймыз және шоттарды нақты тауарлар мен қызметтер үшін ғана ұсынамыз.
2
Нұржер атауын неге таңдадық?
2017 жылы тұрғын үйді қолжетімді етуге арналған Нұрлы жер мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. Дәл осы уақытта біздің компаниямыз өзіндік тұрғын үй бағдарламасымен жұмыс істеп жатты. Біздің мақсаттарымыз бен Үкімет мақсаттарының біртұтастығын ескере отырып, біз аттас болатын атауды қолдануды ұйғардық. Бұл арада Нұржер компаниясы толығымен жеке жоба екенін атап өтеміз.

Нұржердің мемлекеттік бағдарламалардан айырмашылығы неде?

Бізде барлық шешімдерді шенеуніктер емес, сатып алушылар қабылдайды. Өйткені болашақтағы үйіңіздің қамын сізден жақсырақ ешкім ойламайды.
3
Нұржер бағдарламасы қалай жұмыс істейді?
Біздің бағдарламамыз, мемлекеттік тұрғын үй бағдарламаларының принциптеріне негізделген. Бар айырмашылығы мынада: біздің бағдарламамызда барлық шешімдерді шенеуніктер емес, сатып алушылардың өздері қабылдайды. Бұл керемет, себебі тұрғын үйге өзіңіз бен көршілеріңізден басқа ешкім жақсы дәрежеде қамқорлық жасай алмайды.

Біз адамдар тобын жинаймыз. Біз тиісті жер телімін таңдап береміз, ал болашақ тұрғындар оны сатып алады да, жердің меншіктенушілеріне айналады. Содан кейін біз тендер өткіземіз де, сатып алушылар ұнаған сәулетшіні, бас мердігерді, құрылыс материалдарының жеткізушілерін өздері таңдайды.

Осындай сызбанұсқада клиенттің артық төлеуі мүмкін емес. Ақшадан айырылу тәуекелі де мүмкін емес. Себебі, тұрғындар бәрін де толығымен бақылайды. Шын мәнінде, Нұржер компаниясы көптеген адамдардың ресурстарын біріктіреді де, оларға ірі инвесторлардың артықшылықтарын береді.
4
Нұржер ұсынатын жылжымайтын мүлік түрлері
Коттедж. Жер телімі бар, бір отбасыға арналған үй. Көлікжайды, моншаны, жылыжайды жалғастыра салуға болады. Коттеджер, құрылыс материалдары мен жұмыстарды үнемдеу үшін кшігірім қалашықтар түрінде салынады. Үйлердің барлығы біртұтас сәулет стиліне ие. Құрылыс мерзімі - 2-4 ай.

Таунхаус
. Екі қожайынға арналған коттедж. Әрбір қожайынның 5 сотық жер телімі және көше жақтан кіруге арналған бөлек есігі бар. Құрылыс материалдары мен жұмыстарды үнемдеу үшін кішігірім қалашықтар түрінде салынады. Үйлердің барлығы біртұтас сәулет стиліне ие. Құрылыс мерзімі - 2-4 ай.

Клубтық үй. Биіктігі үш қабаттан аспайтын көп пәтерлі үй. Негізгі артықшылығы - тұрғындардың аздаған санында. Біртұтас еңбек ұжымдары үшін мінсіз нұсқа. Құрылыс мерзімі - 6-9 ай.

Жер телімдері.
Нұржер компаниясы ірі жер иеленушілермен бірге жұмыс жасайды және үлкен массивтерді көтермелеп сатып алады. Соның арқасында біздің клиенттеріміз нарық құнынан арзан тұратын жерге ие болады. Жер телімдері Астана қаласында, сондай-ақ Қосшы, Қызылжар, Жібек жолы, Қоянды, Ильинка деген қанаттас қалаларда орналасқан.

Жоба нұсқаларын қараңыз:
1. Бір қабатты коттедж
2. Екі қабатты коттедж
3. Таунхаус
4. Клубтық үй
5
Коттедждер мен таунхаустардың артықшылықтары
Жеке үй неліктен пәтерден жақсырақ?

1. Құны бір жарым-екі есе арзан. Бұл арада біз әдемі әрленген тұрғын үйлер мен бірінші әрленген пәтерлерді тапсырамыз.

2. Бір шаршы метрдің құнына абаттандырылған, қоршалған телім кіреді. Қосымша 500-1000 м2 жер беріледі, оны қалауыңызға қарай пайдалана аласыз - үйге жапсаржай жасай аласыз, монша сала аласыз, бау-бақша отырғыза аласыз, мангал қоя аласыз.

3. Коттедж сатып ала отырып, Сіз жылжымайтын мүліктің жеке-дара қожайыны боласыз, бұл арада көп қабатты үйде сіз құқықтар мен міндеттерді басқа бірнеше жүздеген тұрғынмен бөлісесіз.

4. Біздің коттедждерімізде сапалы инженерлік жүйелер орнатылады, ал коммуналдық төлемдер қаладағыдан да арзан болып шығады.

5. Біздің үйлерімізде газ бар, сондықтан жайлы жағдайда өмір сүру деңгейі барынша көтеріледі. Газда пісірілген тағам электр плитасында пісірілген тағамнан дәмді болып әзірленеді.

Үйлеріміз қаладағы пәтерлерге дес беретін жалғыз нәрсе - олардың орналасқан жері. Астананың қанаттас қалалары - Қосшы, Қызылжар, Жібек жолы елді мекендерінде құрылыс саламыз. Дегенмен, екінші жағынан алып қарасақ, қала сыртының табиғаты бай және экологиясы анағұрлым таза болып келеді, соның арқасында ауылдардағы балалардың денсаулығы қаладағы балалардан мықтырақ.
6
Клубтық үйлердің артықшылықтары
Нұржер бағдарламасы бойынша салынатын клубтық үйлердің бірнеше артықшылығы бар.
1. Нұржер компаниясы биіктігі үш қабаттан аспайтын үйлерді салады. Біз «құмырсқаның илеуін» салмаймыз, себебі клиенттеріміздің барынша ыңғайлы жағдайда өмір сүруін қамтамасыз етуді қалаймыз. Машиналар қаптап тұрған аулалар, бұзылған жеделсатылар мен кіреберістер - біздің үйлерімізде мұндай жағымсыз жағдайлар жоқ.

2. Кішігірім габариттердің арқасында, Нұржер компаниясының көп пәтерлі үйлері ең қысқа мерзімнің ішінде - бір жылдан асырмай салынып аяқталады.

3. Астана қаласында құрылыс салушылары алдап кеткен шамамен 10 000 үлескер бар. Нұржер бағдарламасында осындай нұсқа бола ала алмайды, себебі құрылыс салушылар - сатып алушылардың өздері болып табылады. Қаржылық ағындардың барлығын болашақ тұрғындар бақылайды, сондықтан құрылыс компаниясының алдап кетуі мүлде мүмкін емес.

4. Құрылыстардың көбі қаржыландырудың жетіспеушілігі себебінен көптеген жылдарға дейін созылады. Нұржер бағдарламасындағы жоба, бюджет толығымен түзілгеннен кейін ғана басталады. Бұл дегеніміз, біз алдымен ақшасы бар болашақ тұрғындардың барлығын жинаймыз да, құрылыс салуға кірісеміз.

5. Нұржер компаниясының тұрғын үйлері көтерме сауда бағасымен сатылады, себебі құрылыс салушылар - тұрғындардың өздері болып табылады. Сатып алушы мен жылжымайтын мүліктің арасында ешбір делдал жоқ.

6. Біздің клиенттеріміз ең жоғары сапалы тұрғын үй алады, себебі болашақ үйінің сипаттамаларын өздері айқындап, құрылыс барысын толығымен бақылайды.
7
Нұржер бағдарламасы бойынша дайын тұрғын үй
Нұржер компаниясы салынып жатқан жылжымайтын мүлікті ғана сатады.
Себебі, дайын тұрғын үй салынып жатқан үйден әрқашан қымбат тұрады. Біз болсақ қымбат тұрғын үйді сатуды қаламаймыз.

Дайын тұрғын үй неліктен салынып жатқан тұрғын үйден қымбат?
Біріншісі
. Уақыт үнемделеді. Сатып алушы өз үйіне бірден қоныстана алады.
Екіншісі. Дайын тұрғын үйді кепілге салып, ипотека алуға болады.
Сіз осы екі мүмкіншілік үшін ғана төлейсіз.

Алайда Нұржер бағдарламасында дайын тұрғын үйдің жоқтығына қарамастан, біз мұның орнын оңай толтырамыз.

Біріншіден, біз тұрғын үйді тез арада
- 2-4 ай ішінде саламыз. Сондықтан тұрғын үйіңізді көп күтпейсіз. Пәтер жалдасаңыз да, жалгерлік ақысы бәрібір дайын үйге артық төленген сомадан төмен болады.
Екіншіден, клиенттерімізге ипотека алуға көмектесеміз. Бізге кепіліңіз болмаса да жүгіне аласыз. Біз Сізге несие ресімдеуге көмектесеміз.
8
Нұржер ұсынған тұрғын үйдің сипаттамалары
Іргетас. Іргетастың параметрлері әрбір жоба үшін дербес болып келеді және төңіректің геологиялық сипаттамаларына байланысты болады.

Қабырғалар. Нұржер бағдарламасы бойынша үйлер құрылысында сатып алушы таңдайтын 4 материал қолданылады:
1. Автоклавтық газ блогы
2. Жылу блогы
3. Полистиролбетон
4. Сип-панельдер

Әрлеу.
Сатып алушылар баспанасыз қалай әрлеу және абаттандыру керектігін өздері таңдайды. Нұржер компаниясы барлық материалдарға көтерме сауда бағасын ұсынады.

Коммуникациялар. Біз сумен қамту, канализация, жылыту және газбен қамту бойынша заманға сай технологияларды енгіземіз. Мүмкін болған жерде, орталық желілерге қосыламыз. Қалған жағдайларда автономды жүйелерді орнатамыз.
9
Нұржер ұсынған жер телімдері
Марк Твен кезінде жерге инвестиция салуға кеңес берген екен, себебі жер енді өндірілмейді. Ол шын айтыпты.

Өткен жылдың соңында интернет желісінде бір хабар тарады. Алматы тұрғыны коттедж қалашығын салуға арналған жер телімін 30 миллион теңге сомасына сатып алып, оны бір миллиард теңге сомасына сатқан.

Бұл дегеніміз, осы кенттегі тұрғын үйдің жиынтық өзіндік құны бір миллиард теңге сомасына өсті. Және де осы бір миллиард теңгені болашақ тұрғындар, яғни қымбатты қазақстандықтар – сіздер төлейсіздер.

Нұржер бағдарламасында мұндай жағдай бола алмайды. Біз ірі жер иеленушілермен келісеміз де, сіздерге нарық құнынан арзан жер телімдерін ұсынамыз. Бұдан бөлек, біз мемлекеттен жерді қашанда сұрай аламыз.

Қазір Астананың төңірегіндегі Қосшы, Қызылжар, Жібек жолы, Ильинка елді мекендерінде жақсы жер телімдеріміз бар. Елордаға дейін мінсіз тас жолдар арқылы 10-20 минутта жетуге болады. Автобустар мен бағыттас көліктер үнемі қатынап тұрады.

10 сотық жердің құны – 3 миллион теңгеден басталады. Астананың өзінде бағалар 10 миллионнан басталады.
10
Нұржер компаниясы адамдарды қалай біріктіреді?
Бұл үшін біз тұтынушылар кооперативін қолданамыз. Олар кеңес дәуірінен бері бар.

Бұрындары екі меншік нысаны: мемлекеттік және колхоз-кооперативтік меншік нысаны болатын. Көптеген кооперативтер табысты түрде дамып жатты. Әсіресе біздің елімізде. Мысалы, Шымкент қаласында 1988 жылы кеңес одағындағы алғашқы кооперативтік банк құрылды.

Нұржер компаниясының Қазақстанда кооперативтер қозғалысын жандандыру жоспары бар. Оны 30 жыл бұрын болған дәрежеге көтергіміз келеді. Бірнеше жылдан кейін осы мақсатқа жетеміз деген ойдамын.

Кооперативтер, ортақ мақсаты бар адамдардың ресурсын біріктіру үшін құрылады. Біздің жағдайымызда - арзан және сапалы тұрғын үй алу үшін құрылады. Кооператив мүшелерінің барлығы бірдей құқықтарға ие. Оның үстіне, кооперативтің кез келген қатысушысы оның төрағасы бола алады.

Қазіргі таңда Қазақстанда кооперативтер көп. Және де өте қырағы болу керек, себебі желілік маркетинг пен қаржы пирамидасын біріктіретін ұйымдар да кездеседі. Сондықтан қандай да бір кооперативке мүше болудың алдында, Нұржер компаниясымен кеңесіңіз.
11
Кепілдемелік міндеттемелер
Барлық жаңа құрылыстардағыдай, Нұржер компаниясы тарапынан ұсынылатын үйлерге 2 жылдық кепілдік мерзімі беріледі.
12
Жобалау
Кез келген құрылыс үшін жобаның сапасы өзекті мәнге ие.
Нұржер бағдарламасында осы мәселеге ерекше назар аударылады.

Біз еуропалық стильдегі үйлерді саламыз, оларға туыстарыңыз бен достарыңызды бар мақтанышпен шақыра аласыз. Селфи жасау үшін мінсіз үйлер. Өмір сұруге жағымды және жайлы болғандықтан, қолайлы бағамен сатуға болатын үйлер.
Жобалық командамыз туралы толығырақ
13
Тұрғын үй құны қандай және қалай түзіледі?
Нұржер бағдарламасының қатысушылары тұрғын үйді көтерме сауда бағасымен сатып алады. Бұл, құрылыс салушылар - тұрғын үйдің сатып алушылары болып, құрылыс компаниясы тек бас мердігер болған кезде мүмкін бола алады.

Нұржер бағдарламасында бәрі дәл солай: жер мен жоба болашақ тұрғындардың меншігіне өтеді, қаржы ағындары мен бақылау атқарымдарын да олар басқарады. Іс жүзінде, біз Сіз бен Сіздің болашақ үйіңіз арасындағы делдалдарды алып тастаймыз.

Коттеджді өзіңіз үшін және өз бетіңізше салып жатқаныңызды елестетіп көріңізші. Шалағай іс істеп, бюджеттен ақша жымқыруға тырыспайтын шығарсыз. Керісінше, Сіз құрылыс материалдары мен мердігерлерді мұқият таңдайтын боласыз. Нұржер компаниясының міндеті болса - Сізге құрылысқа қажетті нәрсенің барлығын ұсынып, ұйымдастыру мәселелерін шешу болып табылады.

Сіз бар болғаны қағаздарға қол қоясыз, төлем төлейсіз және орындалған жұмыстарды тексересіз. Соның нәтижесінде, көтерме сауда бағасымен тұрғын үй сатып ала аласыз. Арзан бағадан гөрі, осындай тәсілдеме шексіз айқындық пен сенімділік береді.
14
Нұржер ұсынған коттеджді/таунхаусты қалай сатып алуға болады?
1-қадам. Клиент жер телімін таңдайды да, оны өз атына ресімдейді.

2-қадам.
Клиент тиісті сәулеттік жобаны өзі таңдайды.

3-қадам.
Клиент бес мердігермен жасалған шартқа қол қояды. Нұржер компаниясының заңгерлері ресімдерден өтуге кіріседі

4-қадам.
Құрылыс салушылар үйді тұрғызады, ал сатып алушы материалдар мен жұмыстардың ақысын төлейді.

5-қадам.
Нұржер компаниясының заңгерлері үйді пайдалануға тапсырып, құжаттарды сатып алушыға береді.
15
Нұржер ұсынған пәтерді қалай сатып алуға болады?
1-қадам. Нұржер компаниясы жерді тауып, сатушылармен бағасы туралы келісіп, сәулетшілермен бірге долбарлы тұжырымдамасын жасап шығарады.

2-қадам. Нұржер компаниясы әлеуетті сатып алушылар пулын құрады да, оларды тұрғын үй-құрылыс кооперативіне біріктіреді.

3-қадам. Сатып алушылар жерді сатып алу үшін бастапқы жарналарын енгізеді. Жер телімінің меншіктенушісі - жекелеген адам немесе компания емес, кооператив болады.

4-қадам. Жобалау. Кооператив өз ақшасына жобалау ұйымын жалдайды. Сәулетшілер тұрғындардың қажеттіліктерін ескере отырып, жобаны әзірлейді. Адамдар өздеріне қажетті жоспарлау мен аудандарға ие болады.

5-қадам. Бас мердігерді таңдау. Жобасы мен сметасы бар кооператив құрылыс компаниясын таңдайды.

6-қадам. Құрылыс. Құрылыс салушы іргетасты өз ақшасына салады - кооператив іргетастың ақшасын төлейді. Құрылыс салушы бірінші қабатты салады, ал кооператив оның ақшасын төлейді. Және құрылыстың соңына дейін осылай жалғаса береді. Ешқандай алғы төлем қажет емес, төлем факт бойынша төленеді, кооператив тәуекелге бел байламайды.

7-қадам.
Пәтерлерді бөлу. Үй пайдалануға берілген кезде, жарнашылар тұрғын үйді бөледі де, қоныс тойларын атап өтеді.
16
Төлем қалай төленеді?
Тұрғын үйді Нұржер компаниясы арқылы сатып ала отырып, Сіз ешқандай алғы төлем енгізбейсіз. Барлық төлемдер тек қана факт бойынша төленеді.

1-төлем. Жерді сатып алу

2-төлем. Жобаны сатып алу

3-төлем. Іргетастың ақшасын төлеу
Және құрылыстың соңына дейін осылай жалғаса береді.

Осындай төлем алгоритмі ақшаңыздың 100% қорғалуын қамтамасыз етеді.
17
Нұржер бағдарламасына қатысу нұсқалары
100% төлем
Қолыңызда қажетті соманың барлығы бар болса, онда сіз тұрғын үйді арзан бағамен және ең қысқа мерзімнің ішінде аласыз.

Ипотека
Нұржер бағдарламасы бойынша ипотека ресімдеу үшін, үй құнының 50%-ы болғаны жеткілікті. Сіз бізге осы жарнамен келесіз, біз өзіміздің инвестицияларымызды қосамыз және осы ортақ соманың негізінде Сізге үй саламыз. Құрылыс аяқталғаннан кейін Сіз алынған тұрғын үйді банкіде кепілге саласыз да, ипотека алып, бізбен есеп айырысасыз.

Тұрғын үй жинақ ақшасы
Нұржер компаниясы баспана сатып алуға қажетті ақшаны 3-4 есе тез жинақтауға мүмкіндік береді.

МЖӘ
Тұрғын үйді мемлекеттік-жекеменшік әріптестік арқылы сатып алу, мемлекеттік ұйымдар мен квазимемлекеттік сектордың қызметкерлерге ыңғайлы. Аталған тұжырымдамада, қызметкерлері Нұржер бағдарламасы бойынша тұрғын үй алғысы келетін ұйымның қатысуы және еркін еркі өзекті мәнге ие.

Құрылыс шарттары әрбір мекемемен жеке-жеке пысықталады. Қызметкерлер үшін басты артықшылығы - кезекте күтіп тұрмай, тұрғын үйді тез арада және ең қолжетімді бағамен алуға болады.
18
Нұржер компаниясымен бірге инвестиция салудың және ақша жинақтаудың артықшылықтары
Көптеген адамдар тұрғын үйге ақша жинауды қалайды немесе өз қаражатын тиімді түрде салып, пайда тапқысы келеді. Қазіргі таңда ақша жинақтаудың негізгі құралы - депозиттер болып саналады.
Дегенмен, олар төмен мөлшерлемені ұсынады, ал банкілердің өздері тәуекелге бел байлайды. Бағаны қағаздар да қалың бұқараға тәуекелді және қолжетімсіз болып табылады.

Жылжымайтын мүлікке инвестиция салу - депозиттердің классикалық баламасы. Өткен жылдар ішінде көптеген адамдар үлестік құрылысқа қаражат салып байыды - іргетас деңгейіндегі пәтерді сатып алып, дайын тұрғын үйді үстеме бағамен сатып отырған.

Өкінішке орай, бұл нұсқа келесі үш себеп бойынша жұмыс істемейді:
Біріншісі
. Нарық енді жоғары ырғақпен өсіп жатқан жоқ, сондықтан жақсы пайдаға үміт арту қиын.

Екіншісі. Көптеген адамдардың қымбат тұрғын үйді сатып алуға мүмкіндігі жоқ.

Үшіншісі. Көп қабатты үйлер кемінде бір жыл бойы, көп дегенде бірнеше жыл бойы салынады. Осы уақыт аралығында, сатып алынған жылжымайтын мүліктің бағасын арзандатып жіберетін көптеген форс-мажор жағдайлары орын алуы мүмкін.

Төртіншісі. Өткен жылғы тәжірибе көрсетіп отырғандай, құрылыс салушы инвесторлардың ақшасымен қашып кетуі мүмкін.

Нұржер компаниясында осы тәуекелдердің ешбірі жоқ.
1. Біз арзан тұрғын үй саламыз, сондықтан инвестордың пайдасы сатып алушыны қатты мазаламайды

2. Үйлеріміздің көбі көп дегенде төрт ай бойы салынады, соның арқасында уақытпен байланысты тәуекелдер азаяды.

3. Құрылыстың жоғары қарқыны ақшаны жылына 2-3 рет ақша табуға мүмкіндік береді.

4. Клиенттердің салымдарын қауіпсіздендіру үшін, біз барлық соманы біржолата алмаймыз. Инвестиция кезең-кезеңмен салынады - алдымен жерге, содан соң жобаға және құрылыстың соңына дейін рет-ретімен салынып тұрады. Ешкім Сіздің ақшаңызды алып, қашып кете алмайды.
19
Нұржер бағдарламасының ұйымдық құрылымы
Нұржер бағдарламасының әзірлеушісі мен операторы - "Nurzher Astana" ЖШС болып табылады. Компания инвестициямен, инвестициялармен, маркетингпен, сатумен, сондай-ақ тұрғын үй құрылысы саласындағы инновациялық шешімдерді әзірлеумен айналысады.

Қолжетімді баспанаға мұқтаждықтың жоғары деңгейін ескере отырып, біздің компаниямыз серпінді ілгерілемелі өсу стратегиясын іске асырады. Бұл үшін біз құрылыс нарығы мен сабақтас салалардың жетекші өкілдерін ынтымақтастыққа жұмылдырамыз. Нұржер компаниясының әріптестері - абырой-беделі мінсіз және жылжымайтын мүлік саласындағы тәжірибесі үлкен фирмалар болып табылады. Альянсымыздың сандық құрамы ұдайы өсуде. Нұржер тұрғын үй бағдарламасының әріптестері туралы толығырақ ақпаратты осы мақаладан оқи аласыз.

Нұржер компаниясын дамыту стратегиясы құрылыс жобасының барлық қатысушыларының өзара қолайлы ынтымақтастығына негізделеді.
Әріптес-компаниялар болашақ тапсырыстарға қолжетімділік алады да, оның орнына біздің клиенттеріміз үшін ең тарымды бағаларды ұсынады.

Әрекеттегі кәсіпорындармен жұмыс істей отырып, олардың құрылыс саласындағы білімі мен тәжірибесіне қолжетімділік аламыз. Осылайша, альянсымыздың барлық қатысушыларының жұмыс тәжірибесінің жиынтығы шамамен 100 жылды, ал орташа жұмыс өтілі 5 жылды құрайды.
20
Контактные данные Нуржер
Ресми сайт - www.nurzher.kz

Facebook

Facebook messenger

Instagram

YouTube

Telegram арнасы

Whatsapp

Email - [email protected]

Байланыс телефоны +7 (701) 044 44 41

Кеңсе мекенжайы: Астана қ-сы, М. Жұмабаев д-лы, 31/1А үйі, 212 кеңсе
Нұржер бағдарламасына кім қатыса алады?

Тұрғын үй мәселесі - бүкіл халықтың ортақ мәселесі.
Сондықтан Нұржер компаниясы қандай да бір шектеусіз азаматтардың барлық санаттары үшін жұмыс істейді. Біздің бағдарламамыз, ең қолайлы және қауіпсіз шарттар негізінде тұрғын үй алғысы келетіндерге арналған. Жылдар бойы кезекте күтіп тұрмай, ең қысқа мерзімнің ішінде жеке үй алғысы келетіндер үшін.
Бұл кезде біз бірнеше негізгі топты бөліп аламыз.

Мемлекеттік қызметкерлер және ұлттық компаниялардың қызметкерлері
Мемлекеттік және квазимемлекеттік сектордың көптеген қызметкерлері тұрғын үй алуға арналған кезекте тұр. Бұдан бөлек, түрлі ұйымдарда, мысалы құқық қорғау құрылымдары мен әскери құрылымдарда, қызметкерлерді тұрғын жағдайын жақсартуға арналған ведомстволық төлемақылар көзделген.

Алайда мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын саланың қызметкерлерінің көбі нарықтық шарттардағы коммерциялық тұрғын үйді сатып ала алмайды. Ал арзан мемлекеттік тұрғын үйді жылдар бойы күтуге тура келеді. Нұржер - күткісі келмейтіндерге арналған өте жақсы балама. Біз мемлекеттік орган қызметкерлерінің ресурстарын біріктіріп, өз инвестицияларымызды қосамыз да, қолжетімді және сапалы тұрғын үйді бірге саламыз.

Үйді өздері салғысы келетіндер
Көптеген адамдар, тұрғын үйге ие болудың жақсы тәсілі - оны өз бетіңше салу деп санайды. Бұл өте дұрыс ұстаным. Және Нұржер сізге бұл істе өз көмегін бере алады. Біз Сізге жеткізушілеріміз бен мердігерлеріміздің көтерме бағаларына қолжетімділік береміз. Демек, үйдің бағасы өзіңіз жоспарлағаннан да арзан болады. Сонымен қатар, біздің заңгерлеріміз Сізге құжаттарды ресімдеуге көмектеседі.

Ипотека алушылар
Көптеген қазақстандықтар тұрғын үйді ипотекаға сатып алмақшы. Дайын тұрғын үйдің бағасы қымбат екенін ескере отырып, көптеген адамдар салынып жатқан жылжымайтын мүлікке бет бұрады. Алайда банкілер салынып жатқан тұрғын үйді кепілге алып несие бермейді.

Нұржер бағдарламасында Сіз ипотеканы кепіліңіз болмаса да ала аласыз. Тағы бір артықшылығы, жылжымайтын мүлікті арзан бағалармен іске асыратынымызда жатыр. Демек, отбасылық бюджетіңізге түсетін несиелік жүктеме онша жоғары болмайды.

Тұрғын үйге ақша жинағысы келетіндер
Қазақстандағы он мыңдаған отбасының тұрғын үй сатып алу алуға жеткілікті ақшасы жоқ. Баспаналы болуы үшін ақша жинауға тура келеді, бірақ бұған көп жыл кетеді. Осы уақыт бойы адамдар жалға берілетін пәтерлерді кезіп жүруге мәжбүр. Демек, адамдар ұзақ уақыт бойы өз табысының орасан зор бөлігін екі нәрсеге - тұрғын үйді жалға алуға және ақша жинауға жұмсайды. Олай өмір сүруге болмайды!

Нұржер компаниясы қазақстандықтарға ақша жинау үдерісін 3-4 есе тездетуге мүмкіндік береді. Бұл, нарықтағы кез келген қаржылық құралдан да жылдам.
Тұрғын үйге ақша жинау туралы толығырақ

Инвесторлар
Отандық жылдымайтын мүлік нарығы көп жылдар бойы белсенді түрде өсіп бара жатқанын көрсетті. Көптеген қазақтандықтар жылжымайтын мүлікке салынатын инвестициялардың арқасында орасан зор капитал жинады. Қазір бұл сала 5-10 жыл бұрын болған табыс әкелмейді. Тәуекелдер өсті, ал табыстылық үнемі төмендеуде.

Нұржер компаниясы әлеуетті инвесторларға жылжымайтын мүлікке инвестиция салудың жаңа тәсілдемесін ұсынады. Біздің салымшыларымыз құрылысқа жылдық 40-60 пайыз түрінде ақша сала алады. Бұл арада инвесторлар инвестицияларды қайтарудың кепілдіктерін алмайды.
Инвестициялар туралы толығырақ
Нұржер және үлестік құрылыс туралы заң
Сіздің жайлылығыңыз үшін
БАСТАПҚЫ КЕҢЕС БЕРУ
тек қана Whatsapp арқылы
+7 (701) 044 44 41

Бізге жазыңыз!
Біз Сізге ақпараттық материалдардың барлығын жібереміз
Made on
Tilda